Үкі туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 5
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 10
Жаңылтпаштар: 1
Әңгімелер: 1
Ертегілер: 1

Күндіз жатып, түнде ұшып,Жерден тышқан аулайды.Болмаса ғой біз тұмсық,Мысықтан бір аумайды. Үкі
©  Сұлтан Қалиұлы
Мысық құлақты,Бүркіт тұяқты.Күндіз қонып дем алған,Түнде ұшып жем алған.(Үкі)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Ну орманда отыр,Күндіз көрмес соқыр. (Үкі)
Шұнтиып қос ұлағы,
Түнде көрер қырағы.

Жауабы: Үкі
Күндіз сөнген шырағы,
Түнде көрер қырағы.
Тікірейіп айдары,
Егін жауын қырады.

Жауабы: Үкі
Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде..
Мысық бастан,
Жапалақ түстен.

Жауабы: Үкі
Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген?