Жаңа жыл туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 12
Жұмбақтар: 13
Тақпақтар: 161
Өлеңдер: 135
Нақыл сөздер: 9
Құттықтау, тілектер: 160
Баталар: 6
Туындылар: 1
Әңгімелер: 5
Ертегілер: 1
Шығармалар: 7
Анекдот, әзілдер: 10
Эсселер: 5

Аппақ етіп айналаны,Ақ көбелек айналады.(Жапалақтап жауған қар)
©  Жаңа жыл
Қыста ғана болады,Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)
©  Жаңа жыл
Айналып жүріп шыршаны,Барлық адам ән салды.Барлығы да шаттанып,Қай мезгілді қарсы алды?(Қыс)
©  Жаңа жыл
Тікен,тікен тік пістe.Қысы жазы бip түсте(Шырша)
©  Жаңа жыл
Терезеге қонады,Әсем ою ояды.(Қырау)
©  Жаңа жыл
Бір кісінің он екі баласы бар,Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.Әр баласы сапарға шыққан сайын,Отыз шақты серігін ала шығар.(Жыл мен он екі ай)
©  Жаңа жыл
Бет-аузыңнан сүйеді,Ерні суық тиеді.(Аяз)
©  Жаңа жыл
Қыс түсіп, қар жауса, кілеңДала кезіп тыншымайды.Көрінбейтін саусағыменБетті аямай шымшылайды.(Аяз)
©  Жаңа жыл
Терезені өрнектеп,Әдемі сурет салыпты.Кім екенін табайық,Көрінбей кетіп қалыпты.(Аяз)
©  Жаңа жыл
Жасыл ине киімім,Жайлаймын тау биігін.Жаңа жылды тойласаң,Төріңдемін үйіңнің.(Шырша) 
©  Жаңа жыл
Көкке қарап назданаҚолын созар күнімен.Күз,Қыс,Көктем,Жазда даӨзгермес бір түрінен.(Шырша) 
©  Жаңа жыл
Қыста жерді жауып кетті,Ал көктемде ағып кетті.(Қар) 
©  Жаңа жыл
Бір ақсақал жылынаБір-ақ рет келеді.Көп қызы мен ұлынаСыйлық әкеп береді.(Аяз ата) 
©  Жаңа жыл