Аяз туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 6
Жұмбақтар: 16
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 45
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 3
Ертегілер: 1

Жоқ оның қолы, жанарыКөрінбей сурет салады.(Аяз)
©  Серікбай Оспанов
Тісі жоқ, бірақ баланыБетінен тістеп алады.(Аяз)
©  Серікбай Оспанов
Бет-аузыңнан сүйеді,Ерні суық тиеді.(Аяз)
©  Жаңа жыл
Қыс түсіп, қар жауса, кілеңДала кезіп тыншымайды.Көрінбейтін саусағыменБетті аямай шымшылайды.(Аяз)
©  Жаңа жыл
Терезені өрнектеп,Әдемі сурет салыпты.Кім екенін табайық,Көрінбей кетіп қалыпты.(Аяз)
©  Жаңа жыл
Тоңғақты таниды,
Беті — қолын қариды.

Жауабы: Аяз
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық.
Көрінбей кетіп қалыпты.

Жауабы: Аяз
Терісін жыртпай етін жеген,
Жілігін шақпай майын жеген.

жауабы
Аяз
Есіктен кірді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.
жауабы
Аяз
Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп.

жауабы
Аяз
Тек өзі көрінбейді,
Адамды тоңдырады.
Ызғары дірілдетіп,
Есіңнен тандырады.

жауабы
Аяз
Қолы мен қаламы жоқ,
Бiрақ сурет салады көп.
Тек өзi көрiнбейдi,
Адамды тоңдырады
Ызғары дiрiлдетiп,
Есiңнен тандырады.
Ештеңеден қаймықпай,
Көздi арбаған өрнекпен.
Сурет салар айнытпай,
Шебер едi ол неткен?
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық.
Көрінбей кетіп қалыпты.
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.