Ара туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 15
Жұмбақтар: 43
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 15
Жаңылтпаштар: 9
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 2

Қанша ара?Алшаға кеп күнараҚонушы едi бiр ара.Бүгiн тоғыз туысынЕртiп келдi бұл ара.Сонда бүгiн алшағаКелiп қонды қанша ара?
©  Сұлтан Қалиұлы
Еңбекқор,Бал жинайды,Адамдарға сыйлайды.Көп қонатын гүлге,Бұл не? Ара)
©  Сұлтан Қалиұлы
Қызық оның тісі де,Қызық оның ісі де.Оған ең, ең керегі–Затты екіге бөледі.(Ағаш кесетін ара)
©  Серікбай Оспанов
Түпнұсқа –Қалтаңдағы зат – тiсi көп кiл.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Оның да тiсi көп өткiр.(Тарақ – Ара)
©  Ескен Елубаев
Бiлетiн бар кiм?«Г» əрпiн,Қайсы жəндiкАйта алар айқын?(Ара, гуiлдеп)
©  Ескен Елубаев
Тісі қатты,Сілекейі тəтті.(Ара)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Өзі зәрлі,Бергені нәрлі. (Ара)
Еңбегі бапты,
Емгені тәтті.
Өмірлік нәрін
Гүлдерден тапты.

Жауабы: Бал арасы
Бас-аяғы теп-тегіс болып біткен,
Селкілдесе денесі дір-дір еткен.
Өзіне қандай жуан кез келсе де,
Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.

Жауабы:..
Гүлдерден нәр тереді,
Біздерге бал береді.

Жауабы: Бал арасы
Беретұғын балы бар,
Шағып алса – зәрі бар.

Жауабы: Бал арасы
Толып жатқан тісі бар,
Ағашпенен ісі бар.

Жауабы: Ара
Екі езуі құлағына жетеді.
Тамақ жесе ызың-ызың етеді.

Жауабы: Ара
Азулы хайуан- темір ер,
Әндетіп сүйек кемірер.

Жауабы: Ағаш кескіш ара
Қос құлақты, жүз тісті,
Жүзінен бір із түсті.
Бір денені екіге,
Бөліп тастар бұл күшті.

Жауабы: Ара
Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы.

Жауабы: Ара
Тырау-тырау тырналар,
Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал,
Ол не балалар?

Жауабы: Аралар
Тісі көп, аузы жоқ.

Жауабы: Ара
Басы жоқ, екі беті, тісі бар,
Қақ бөлер бөренені күші бар.

Жауабы: Ара
Елу аяқты,
Екі қолды.
Салады елу аяқпен
Жалғыз жолды.

Жауабы: Ара
Бас аяғы теп-тегіс боп біткен,
Селкілдесе денесі дір-дір еткен.
Өзіне қандай жуан кез келсе де,
Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.

Жауабы: Темір..
Қаңылтыр қара мейіз, мыстан шеге,
Келбеті бұл жұмбақтың келер неге?

Жауабы: Темір ара
Тізіле өскен тісі бар,
Көп істеген ісі бар.

Жауабы: Қол ара
Жетпіс аяқ бауырында,
Екі қолы жауырында,
Тындырады істі ол,
Жеңілін де, ауырын да.

Жауабы: Ағаш кесетін үлкен ара
Қарасаң,
Жай зат сияқты күші кем,
Бірақ та,
Бүтінді қақ бөледі тісімен.

Жауабы: Ара