Кісі туралы Мақал-мәтелдер ✍️
Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 84
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 35
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 16
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 4
Анекдот, әзілдер: 3
Ұстаспай (жағдай) түзелмес,Жел тұрмай (ауа) ашылмас.Бұл мақал ұрысып қалған екі адамды татуластыруға тырысқан кісіге арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Кезіккен кісі өзің болмас,Жат пен жақын бірдей болмас.Кезіккен кісінің барлығы өзіңдей болмайды. Сондықтан шын сырыңды оған айта берме. Сондай-ақ жат..
© Түркі халықтары
Ханда қырық кісінің ақылы бар"Ханда қырық кісінің ақылы бар" деуші еді.("Абылай хан туралы аңыздар". Бабалар сөзі. 86-том. -272-б., 2012. 100 томдық).
Еңбектен алғанның бүйірі шығады.Кісіден алғанның екі көзі шығады.
Үй менікі демеңіз,Үй сыртында кісі бар.
Ез кісіде намыс жоқ.
Сүйек берген кісімнен көрейін бе,Мүжи алмаған тісімнен көрейін бе?!
Адам қасиеттері туралы мақал-мәтелдер
Білген адам тауып айтады,Білмеген адам қауып айтады.Базарда мың кісі бар,Әркім сүйгеніне сәлем берер.Кісі болар баланыңКісімен ісі бар,Кісі болмас..
Ұрыншақ аттаЖал тұрмас,Көңілшек кісідеМал тұрмас.
Өз үйіңде отыңды бақ,Кісі үйінде аузыңды бақ.
Үш кісі білген сырды бәрі біледі.
Сиырлы кісі — сыйлы кісі,Түйелі кісі — күйлі кісі.
Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.
Мың кісі су ішеді.
Бөтен кісінің малы мал болмайды.
Бейтаныс кісіден таныс шайтан артық.
Батыр кісі әр қатыннан туады,
Әділ кісі бір қатыннан туады.
Әділ кісі бір қатыннан туады.
Бар болса, сойғанның жөні бар,
Бір қойдан он кісінің құны бар.
Бір қойдан он кісінің құны бар.
Ат болатын тұлпардың
Мүшесінен белгілі.
Кісі болар кісінің
Кісесінен белгілі.
Мүшесінен белгілі.
Кісі болар кісінің
Кісесінен белгілі.