Тас туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 59
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 128
Жаңылтпаштар: 6
Нақыл сөздер: 13
Әңгімелер: 6
Ертегілер: 4
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 2

Таспен атқанды аспен ат
©  Самет Оқанұлы
Кішкентай тас тауға айналмайды.
Егер біреу сізді тасқа сүйреп апарса, оны темірге сүйреу керек.
Жатқан тас астында су ағып кетпейді.
Шыны үйде тұратын адамға тас лақтырудың қажеті жоқ.
Тауды тас көркемді етеді, адамды-басы
Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады.
  Өз елімнің басы болмасам да, Сайының тасы болайын.

Туған жерге деген перзенттік парызды адам әкім болса да, қарапайым жұмыскер болса да..
©  Гүлтас Құрманбай
 Су татырмағанға сүт бер. Таспен ұрғанды аспен ұр.

Осы екі мақалдың ұқсатығы мен айрмашылығы қандай?
Біздің халықтың тамаша бір қасиеті..
©  Гүлтас Құрманбай
Шыдай-шыдай тас та бір күні тарс етер.
Тастан таспа алған қу.
Мал басқа бітеді,Қына тасқа бітеді. 
Тапжылмай жатқан тас ауыр.
Сиырда аунамақ жоқ,Жылқыда күйсемек жоқ,Тамда белдеу жоқ,Таста тамыр жоқ,Суда қаймақ жоқ. 
Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ. 
©  Майқы би
Сиырда аунамақ жоқ,
Жылқыда күйсемек жоқ,
Тамда белдеу жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Суда қаймақ жоқ.
Әр тастың бөлек-бөлек белгісі бар.
Алтын — жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса — бек тәжінің өрнегі.
Алтын-күміс әманда таспен бірге жүреді.
Алтынның құны түспейді,
Тастың бағасы артпайды.
Ақымақ мың батпан тасты көтереді,
Бір ауыз сөзді көтере алмайды.
Ақыл бастан шығады,
Асыл тастан шығады.
Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.
Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.
Тауды, тасты су бұзады,
Адамзатты сөз бұзады.