Құн туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 18
Өлеңдер: 22
Нақыл сөздер: 10
Әңгімелер: 7
Ертегілер: 1
Поэмалар: 1
Шығармалар: 1

Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш
©  Самет Оқанұлы
 Егер қайырымдылықтың құны болмаса, жұрттың бәрі филантроп болар еді.
©  Жебірей
Құдай кедейді ары кеткенде құны қымбат күнәдан сақтайды.
©  Жебірей
  Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.

«Кеш» дегені «кешір» дегені. «Алдыңа келсе» дегені «кешірім..
©  Гүлтас Құрманбай
      Жiгiттiң құны ­ жүз жылқы, Ары ­ мың жылқы.

«Құны» деген сөздің синонимдерін атаңыз. Ол сөздің орнына..
©  Гүлтас Құрманбай
Сатылмас атқа құн жетпес.
Есіріп, бүлдірерсің,Ес кіріп, құн төлерсің.
Бар болса, сойғанның жөні бар,
Бір қойдан он кісінің құны бар.
Алтынның құны түспейді,
Тастың бағасы артпайды.
Алдыңа ас тартса,
Атаңның құнын көш.
Есегі бір теңге,
Тоқымы мың теңге.
Тірі піл жүз мың тұрады,
Өлгеннен соң – екі есе.
Шуы көп те,
Құны жоқ.
Тиын құрлы құны жоқ.
Ердің құны жүз жылқы, қатыны мың жылқы.
Он екі жылда ердің құны салауат.
Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.
Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш,
Ұсынған мойынды кісі кеспес.