Абырой туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 22
Өлеңдер: 22
Нақыл сөздер: 19
Туындылар: 1
Әңгімелер: 2

Көркіне қарама, абыройын тіле.
©  Түркі халықтары
Ішке түскен ақ арақ,Бекер қарап жатпайды.Тал бойыңды аралап,Абыройыңды таптайды.
Арақ абырой әпермейді.
Абыройың артқан сайын арқалар жүгiң де ауырлайды.

Жалпы адамдардың қызметі, лауазымы өскен сайын адам мінезі өзгереді. Кейбіреулер үшін мансап..
©  Гүлтас Құрманбай
Елiңде абыройлы болсаң, түзде жүгiң қалмас.
 
Елдің көңілі – елеуіш. Жаманын ұмытып, елеуіштен өткізіп жіберіп, жақсысын алып қалып..
©  Гүлтас Құрманбай
Түрі мен түсін қайтесің?Абыройын ойла.
Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің еш шырын рахаты.
©  Бауыржан Момышұлы
Ұстаздың абыройы болмаса,
Шәкірттері оның сақалымен ойнайды.
Арлы болмай, абыройлы болмайсың.
Абыройды ақ отау жапты.
Абыройыңды жасыңнан сақта.
Әйелдің абыройы – дақ түспеген ары.
Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.
Жақсы досың болса жан аяған жарамас,
Оңбағаны бар болса, абыройға қарамас.
Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.
Атасын сыйлаған абыройға бөленер.
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
Абырой – ар еңбегі.
Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.
Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.
Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.
Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.