Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.09.2022
127
Бөріжортақ
Сал келген, бұл далаға, келген сері,
Ойымен Ұлы Абай да жерді өлшеді.
Бөрліде көрдім боран бөріжортақ,
Әузов бала кезде көрген сені.
Жол ұзақ болған соң ба, зерігіп ек,
Соқты – ой кеп бөріжортақ келіп үдеп.
Бөрісі көп болған соң осы жердің,
Бабалар қойған шығар Бөрілі деп.
Бөрісінен айыылғанды қаламас қыр,
Бөрілер жалғыз-жарым далада аш жүр.
Көк түгіл, сұрғылт түгел, қызғылт түгіл,
Бұл жерде болған екен қара қасқыр.
Бұл заман ол заманмен аралық бар.
Қырыпты көп бөріні қалалықтар.
Топталып бөрілердің ұлығанын,
Бір кезде естіп өскен бала Мұхтар.
...Соғады бөріжортақ тауды айналып,
Ұлыған дауысынан жол байланып.
Қара қасқыр тұқымы жоқ боп кетті,
Боранға кетті ме екен әлде айналып...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter