Өлеңдер ✍️

  29.09.2022
  274


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Тұмар

Мен – рухпын!
Жаралғанмын жанған Күннен, Жалыннан,
Гун де болып сапар шектім сағымнан,
Көк түріктің мәңгі тірі рухымын,
Көктегі Айға Көк бөрі боп табынған.
Тәңірқұты Мөде болып құт тасып,
Баламер боп кездім жерді нық басып.
Еділ болып уысымда ұстадым
Шығыс пенен Батысыңның тұтқасын.
Бумын, Білге, Естеми боп өрледім,
Тоныкөк пен Күлтегін боп ерледім,
Өсиетімді тасқа қашап қалдырып,
Сөзбен жудым ұрпағымның жөргегін.
Рухпын – мен!
Рухымын мен сақтардың,
Жүрегімді алау етіп жаққанмын.
Қыпшақ болып қылыш алып қолыма,
Қарсы келген жаудың басын шапқанмын.
Дүбірімен дүниені ояттым,
Дүсірлеген тұяғымен аттардың.
Кеңдік, Өрлік, Ерлік – осы үшеуін
Үшбұрышты тұмар етіп таққанмын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу