Өлеңдер ✍️

  29.09.2022
  148


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Ғажабымсың сен менің ғажабымсың...

Ғажабымсың сен менің ғажабымсың,
Менің мәңгі сарқылмас азабымсың.
Жәми, Сағди, Низами жазбай кеткен,
Қайталанбас ғажайып ғазалымсың.
Сені берген ризамын Тәңіріме,
Гүл боп кірдің Ақ таңдай өміріме.
Менен басқа ешкім де көз салмасын
Ен даланың еркелеу елігіне.
Елігім-ау, сыйладым бәрін саған,
Керек десең, Абайдың әнін салам.
Көк сағымның ішінен тауып алар
Егер шындап бір-бірін сағынса адам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу