Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.09.2022
123
Сен дегенде шықпайды демім менің...
Сен дегенде шықпайды демім менің,
Айдыныңда жүзетін көлім бе едің.
Алақан боп алдыңда жайылып ем,
Жаңбыр болып сен бірақ төгілмедің.
Сен дегенде шықпайды сөзім менің,
Өзіңді ойлап түндерде көз ілмедім.
Бізге өзіңсіз бұ дүние қызық емес –
Серпілгенім, сенгенім, сезінгенім...
Сен дегенде шықпайды үнім менің,
Мен қараған кезімде күлімдедің,
Сенсіз жүрген кездерде тірі өлікпін,
Сені көрген кездерім тірілгенім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter