Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.09.2022
167
Бұлтты жұбату
Осқандай-ақ әлдекім семсерменен,
Ойбай салған дауыстан теңселді әлем.
Жай-қамшымен сұр аспан тартып қалып
Бұлт иегі бұлтиып кемсеңдеген.
Мөлдірлікті қаншама құйса да анық,
Құтылмады-ау қамшыдан бишара бұлт.
Ұрудай-ақ ұрып ап қатал аспан,
Сұрамайды кешірім ишара ғып.
Масқараны-ай! – дегендей, – масқараны-ай!
Ақ шашты шың құшағын ашты анадай.
Бауырына сонда оның басын сүйеп,
Жылады бұлт өксіп бір жас баладай.
...Жылама, бұлт тұлымы желкілдеген,
Сырыңды шерт одан да шертілмеген.
Сенің мөлдір мұңыңды жұтып алып,
Жапырақтан жыр тамды мөлтілдеген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter