Өлеңдер ✍️

  28.09.2022
  204


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Желайдаған

Дала, дала, не деген кең айналам,
Қаңбақ қашып барады жел айдаған.
Қарап тұрып тоқтаусыз дүниеге
Тоқтай қалып бір сәтке мен ойланам.
Жел айдаған барады қаңбақ қашып,
Күн көзіне қошқыл бұлт бармақ басып.
Шоқша сақал шал-көде гүл-қызбенен,
Қауқылдасып қалады қалбақтасып.
Көк төсінде бұлт көшіп қолды бұлғай,
Салып ұрып барады салбурылдай.
Аққан уақыт, жел заман, қашқан қаңбақ –
Адамдардың көрінді тағдырындай.
Қайда, қайда қаңбақтың көші барар,
Әйтеуір бір тыныштық тосып алар.


Ұшарын жел, қонарынсай білетін,
Тұрақсыздық дегенің осы болар.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу