Өлеңдер ✍️

  26.09.2022
  131


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Үрімжі қаңтар түні

Үрімжі.
Қаңтар түні.
Сен және мен.
Бір сезім алаулайды бөлмеде әрең.
Алыс кетсем, сағынып қалармын деп,
Мен көңілдің еркіне көнбеген ем...
Сол түні ұзақ жылап, мұңайдың көп,
Қия алмаймын, қасыңа құлаймын кеп...
Сол уәдем жалған болды-ау
саған берген,
Сендік сордың бәріне шыдаймын деп.
Мен басымды содан соң жектім шерге,
Қу дүние- ай, мені де еттің пенде.
Бәлкім,
бәрін сезгенсің,
түсінгенсің,
Содан бері хабарсыз кеттің сен де.
Бүгін мүлде танымай өз басымды,
Түсіндім сен айтқан сол сөзді ақырғы.
Бекер ғана кездестік деп жылап ең,
Мен сонда ұқпаппын- ау көз жасыңды.


Үрімжі, балалығым сенде қалған,
Содан бері жанымды шерге малғам.
Сол арудың жасындай түнге сіңіп,
Өксуменен келеді мендегі арман!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу