26.09.2022
  566


Автор: Ұстаздар күні

Менің сүйікті ұстазым

Ең алғаш рет қолыма қалам ұстатып, әріптерді тануды, қалай оқуды үйреткен менің ең сүйікті ұстазым бар. Ол — бірінші сыныптан бастап біз үшін алаңдап, жақсы оқуымыз үшін қолынан келгенінің барлығын жасап жүрген жан, әрбір оқушы үшін уайымдап, сабаққа келмей қалсақ ата-анамызға қоңырау шалып іздеп тұратын ұстазымыз — Раушан апай. Ол тәртіп бұзсақ жаймен түсіндіретін, сабақты жақсы оқысақ біз үшін қуанып, күрделігімізге жақсы бағасын қойып беретін жаны жайсаң менің сүйікті ұстазым. Бар айнала сары түске боялып алтын күз де есік ашты. Міне мен биыл екінші сыныпта оқып жатырмын. Сүйікті ұстазым Раушан апайды жаңа оқу жылында қайта көру мені қуантады. Қыркүйек айы бітіп, қазан айы да басталғалы жатыр. Демек ұстаздар күні де жақын қалды. Қыркүйек айының соңғы аптасы мен қазан айының бірінші аптасын ұстаздар күні деп тойлауға болады деп ойлаймын. Сондықтан менің сүйікті ұстазым — Раушан апайды ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Раушан апай гүлдей жайнап біздерге білім беріп жүре беріңіз. Денсаулығыңыз мықты болсын, біз сізді жақсы көреміз, қанша көктем, қанша күз өтсе де менің ең сүйікті ұстазым болып қала бересіз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу