25.09.2022
3325
Құтты болсын мереке ұстаздар
Ұстаздардың мейрамы,
Құтты болсын ұстаздар.
Өздеріңмен өтуде,
Қуанышта қыс-жаздар.
Амандықты тілейміз,
Мықты болып денсаулық.
Бақыт, байлық бәрі бар,
Мықты болса денсаулық.
Ұстаздардың күні бұл,
Бар жақсыны сыйласын.
Бар әлемнің байлығын,
Мол бақытын жинасын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter