Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  650


Автор: Ұстаздар күні

Ұстаздардың күні бұл

Шаттанатын, қуанып,
Ұстаздардың күні бұл,
Тілек айтар ұстазға,
Шәкірттердің үні бұл.

Мерекемен құттықтар,
Әрбір шәкірт ұстазын.
Бірге өткізер қаншама,
Ұмытпайды қыс-жазын.

Ұстаз деген ең асыл,
Шәкіртке жол көрсетер.
Ал шәкірттер мейрамда,
Құттықтаумен тербетер.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу