Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.09.2022
357
Ұлтым – қазақ...
Ұлтым – қазақ,
түбім – түркі,
Не еткенім қысылғаным.
Күндесін күңкілдесін бүгіндікі,
Лə иллаһа ил –лаллаһ мұсылманмын.
Күңкіл сөзді көңілге алам несін?
Бақытым бар басқаға шүкір дермін.
Жалқау десін,
жат десін,
жаман десін,
Көбік езу сөзіне түкіргенмін.
Еркіндіктің куəсі алып далам,
Жаманға жалынбаймын.
Қыран болғым келеді қалықтаған,
Тотыдай бағынбаймын.
Шексіздікті сүйемін
һəм күн игім,
Жалғыз басым
жауыма көп көрінгем.
Ақшыл түнде
айға қарап ұлимын,
Үйренгем көк бөріден.
Пенденің биік болар
талғамгері,
Алла десем кірермін
жаннатқа да.
Бағынбаймын заңыңа...
Заң бар ма еді?
Табынамын тек қана
Жаратқанға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter