Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  127


Автор: Олжас Сәндібек

Саған

Саған арнап жазсам екен жыр қандай,
Пəк жүзіңнің өзі-ақ жырлап тұрғандай.
Қарапайым қазақ қыздың қылығы,
Тек өзіңнің тал бойыңа тұнғандай.
Асыл мінез,
жарқын жүзді елік қыз,
Бір жұмаққа кетер ме едік еніп біз.
Ізгілікке жаны құмар адамды,
Ибалығың иландырар еріксіз.
Салыстырып қарағанда сенімен,
Қырда өскен қызғалдақ та көріксіз.
Бір өзіңе тең келмейді арайлы ай,
Көп қиналдым саған теңеу таба алмай.
Өзіңдегі сұлулықтың жанында,
Баян менен Жібек жолда қалардай.
Күрсіндірер кездері бар бақтың да,
Жаның жүдеп бата көрме жат мұңға.
Суда жүзіп сыланғанмен сызылып,
Сенен артық сұлу емес аққу да.
Тауыса алмаспын жырласам да жекелеп,
Сөз жетпейтін сұлусың сен, не керек.


Сызылғаның,
жымиғаның,
күлгенің,
Тек өзіңе жарасады керемет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу