Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.09.2022
135
Жетті де əзер батылым...
Жетті де əзер батылым,
«Ғашықпын, – дедім,
– өлердей».
Қош дедім сосын ақырын,
Қолымды бұлғап,
Дегендей: –
«Қош бол сəулем көргенше,
Қайта айналып келгенше,
Уəдеңе берік бол,
Мен сендікпін өлгенше».
Жетті де əзер батылың,
«Ұнаттым, – дедің,
– өлердей».
Алыстай бердің ақырын,
Қолыңды бұлғап,
Дегендей: –
«Қош бол сəулем көргенше,
Қайта айналып келгенше,
Уəдеңе берік бол,
Мен сендікпін өлгенше».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter