Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.09.2022
104
Жырларымды оқып шығып ақылдым...
Жырларымды оқып шығып ақылдым,
Өзің де ойға,
мені де ойға батырдың.
Жүрегіңе ауыр тисе соншалық,
Жардың емес,
жыры дей сал ақынның.
Менің əрбір жазғаныма елеңдеп,
Маза кетіп жүр ғой, білем,
сенен көп.
Күмəн менен күдік күтпей
əр жолдан,
Өлеңге тек қарау керек
өлең деп.
Махаббат қой,
Махаббат қой мендік мұң,
Сен де соған шыдап бағып,
көндіккін.
Қырық қызға
ғашық болып қалсам да,
Алтыным-ау,
мен сендікпін,
сендікпін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter