Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.09.2022
90
Дүниені жап-жасыл қып...
Дүниені жап-жасыл қып
жайнатып,
Əр бақшада бұлбұлдарын
сайратып.
Жер бетіне көкте күннен
нұр тарап,
Сен жүретін əр көшеге
гүл қадап,
Астанаға көктем келді,
Сен жоқсың.
Əр жүректе
махаббатың гүлі ашып,
Қыз бен Жігіт
қолтықтасып қыр асып,
Қысқа түнде
сынық айдан сыр ұрлап,
Мақпал түнің
жұлдыздары жымыңдап,
Ғашықтардай
кең құшағын от қылып,
Көкте күннің
мейірімін төктіріп.
Астанаға шілде келді,
Сен жоқсың.
Келмей қойдың
менің күткен аңсарым,
Мен емес-ау,
мына əлем шаршады.
Күткен жанда
сүйген жанда бар ма айып,
Жапырақтар
ұшып жатты сарғайып,
Өзің жаққа...
Өзің жаққа елеңдеп,
Ұшып жатты,
түсіп жатты өлең боп.
Астанаға күз де келді.
.....................................
...Сен жоқсың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter