Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  186


Автор: Олжас Сәндібек

Қызығам, қылығың тəтті-ақ...

Қызығам, қылығың тəтті-ақ,
Періште ме екенсің сен бір.
Ақ ұлпа қардан да аппақ,
Жаныңнан айналдым
Мөлдір.
Күн күліп тұратын əр кез,
Ашылған аспандай зеңгір.
Күлімдеп қарайтын нəркес,
Көзіңнен айналдым
Мөлдір.
Мына əлем қалғандай нұрсыз,
Түсінбей сəтімді кейбір.
Күрсініп жылайсың үнсіз,
Жасыңды төкпеші
Мөлдір.
Бұйрығы Тəңірден түскен,
Бағыма айналдың ең бір.
Жемістей уылжып піскен,
Өзіңнен айналдым
Мөлдір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу