Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  147


Автор: Олжас Сәндібек

Мендік сезім шыдар ма елең етпей...

Мендік сезім шыдар ма елең етпей,
Отыра алман мен сені өлең етпей.
Қасымнан əрі өтесің, бері өтесің,
Нəп-нəзік ақ қанатты көбелектей.
Отырмын бір түзеліп, бір бүлініп,
Сен жүрсің тоты құстай мың құбылып.
Сұлулыққа жан едім жаным ғашық,
Есімді алып барасың жынды қылып.
Жүрегімнің басына сəуле қонып,
Бұрымыңдай жырымды сəндеп өріп.
Сен жүрсің ештеңеден хабарың жоқ,
Мен отырмын сезіммен əуре болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу