Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.09.2022
150
Балаларға ат қоямын енді өзім…
Аружанға.
Үйдегі ерке тұңғышы мен соңғысы,
Ал,баланың ортаншысы көнбісі.
Олжаға екеу таласқанда,
Саяқтау
Ортаншының жоқ амалсыз онда ісі.
Ортаншыға жанның сыйлап бесігін,
«Жанөлке» деп қоймақ едім есімін,
Бұл атты ұқпай жатсынды ма әулетім?
«Аружан» деп түйді өзіндік шешімін.
Бұл да дұрыс,
Бірлікті ұрпақ үлгі етсін,
Ойлары ұқсас нәзік жандар бірге өтсін!
Саналармен сыйыспаған баз кешіп,
Саяқ ғұмыр тек менімен бір кетсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter