Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.09.2022
226
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-11-01-02-35.png)
Бай қазақтың картасы
Қызылорда – жайқалған күрішті алаң,
Қостанай да темірлі құрыш далам.
Бекірелі Атырау, Ақтау, Орал
Қара алтынның нарқымен тыныстаған.
Сұлу Көкше мәрттікке жарғы болған,
Ақмола да жаралған нәр, құнардан.
Кен биігі – мен, десе, Қарағанды,
Жер биігі – Алматы, Талдықорған.
Жерді Шымкент, Жезқазған, Өскеменім,
Түсті метал нұрымен кестеледің.
Фосфорындай Тараздың жарқырай бер,
Керекулік ормандай өскен елім!
Жарқыратса Ақтөбе ақ тарысын,
Ақтылы қой – Семейдің ақпарысың.
Дәнге оранған Қызылжар, Арқалық та
Әр халықта болмаған мақтанышым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇