Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.09.2022
170
Әнiм, еркем...
Әнiм, еркем,
Сен кеткелi жылдан асып жығылды –
Көктеменiң көзiне артып мұңымды
Шер мен жасын жер де ақтарды бүгiнгi.
Зираттардың сырласпайтын қаласы –
Төмпешiктер – Жер-ананың жарасы –
Жапсарында мәңгiлiктiң таласы.
Онда пейiл адамға ортақ болғасын,
Мекендепсiң әр сенiмнiң ордасын.
Жатсын ба ендi,
Жаратылыс қолдасын!
Аумин!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter