Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.09.2022
130
Дала маршы
Жүзiңде тарихтың наласы –
Бiтпеген тағдырлар таласы.
Ендi адам аласын,
Қоғамның шаласын
Көтерме, қазақтың даласы.
Пенделiк Тәңірiн теппесiн!
Нәсiлдiк пиғылын шектесiн!
Тiлдердiң тоғысы,
Дiндердiң соғысы
Мезгiлдi жаралап кетпесiн!
Шындық та қылышын қайрасын!
Арыстар, көзiңдi аш!
Қайдасың
Түрмелер бүлiнiп,
Мүрделер тiрiлiп
Әдiлет шаттығы жайласын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter