Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  245


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

ҚҰМАР-І

Қап-қара Түн, дұғалы.
«Жар-Жар»-лаған жұмық көздер құмары ішке
түсіп,
от саулатып өзекке,
қас-қағымнан мың да бірлік мезетте,
Жан-Дүние Қызырының Мекенін алмакезек шарпып өтіп екі ерін!.. Ғаламның
да не екені...
(тамырларда – Музыкасы Некенің!)
өң мен түсті от-саусақтар малшылап!.. тән
елесі шым-шытырық тамшылап!..
әлденендей мүлде жұмбақ Ырғақтан анар
иісі аңқып жатқан гүл-бақта
бір Обалдың қырық Шілтені зыр қаққан! Бір
Шілтеннің қырық Обалы адасқан?!... Не
екенін айту қиын дөп басып,
Осы бір сәт Сөздің өзі жап-жасыл! Ақылойдың үстін жұпар шөп басып!..
әйелжүзді, құланжонды Дем есіп!.. мүлде
бөтен Мый мен Жүрек елесі әлдеқайдан
лыпыл қаға жаралып,
бір-біріне шарпылыса бек өсіп!..
ештеңені мүмкін болмай байыптау, бір
ғажайып жарқ-қ еткенде!!!...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Ғайыптан
жөңкіп ұлпа бес Маусымның бұлттары, таң
сәрісі сіңген судан жұрт қанып... дәм
тартылып дұшпанға да, досқа да, тамыр
бітіп сұрғылт құлпытасқа да!.. күбірлесіп
қаранұрлы марқұмдар... тырналардың
 тырауынан салқында
Тау Үнімен бой өсірген балалар Мәңгі
Сүю музейлерін аралай... ғашықтарға
ғашықтарын күттірген
жүз мың қала қалқып түпсіз түкпірден!..
көлеңкелер үнсіз қағып қанатын,
төрт құбыладан тағы да төрт Таң
атып!.. ың-ың етіп шілде айының
тағаты, ыстық тілін Ес үстінен
жалатып!..
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Үу-у-у! Үу-у-у!.. Үу-үу-у! Үу-уу!..
Ібілісжұлыныбырт-бырт үзілгендей улыраһат
толқыны!.. Жүйкелердің лағып аққан жұлдыз-жұлдыз
дыбысы!.. Қос Еріннің күлгін-күлгін сүйісі...
Кеңістікте қалып қойған бір Қытық!
Қап-қара Түн, дұғалы...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу