Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  130


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

КҮДІК

Мұның бәрі Сен кеткен соң басталды:
Жерді қылғып, ішіп қойған Аспанды
Тажал еді Ол,
көрдім алғаш мен сонда...
Қалмай қойды, ажал жаққа барсам да. Қой
демек ем, сөз таппадым өтімді. Мен шай
ішсем, шарап ішіп отырды.
Байқап қалдым семсерленген қанатын!..
Жақындасам, қайыр сұрай қалады!
Қырсығын-ай,
Өзі – осында, Пәленің,
Бірақ... саған кеткен ізі бар Оның!..
Тұра алып нақұрыстық пішінде,
«От бар, – дейді, – қалың орман ішінде!»...
Ой, мен де бір зәліммін ғой, тіс қаққан,
ұстап алдым, аңдып тұрып, пұшпақтан. Ал,
керегім осы ма еді аңсаған:
әлгім – кәрі кемпір екен, қаусаған!
Көзі, бірақ, – еркектікі, аларған!
– Бәле-келді-е!..
Ол зым-зия жоғалған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу