Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  124


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

МАЗА

Жазғы түннің етегінде Ес жатқанда мөлдіреп,
үкілер мен бөрілерді мен ұйқыға көндірем. Үрген
итті иесіне тастаймын да ысырып,
Ес үстінен екі көзді арлы-берлі ұшырып, жатып
алам жалғыз өзім, Аспан жаққа есінеп.
Мен осылай соңғы Өлөңнің шырағданын өшірем.
Мен осылай, тыныш күйде миллиард жыл жасар ем... Ес
тып-тыныш.
...шырақ сөнген.
Ештеңе жоқ.
Бос әлем.
Әлдеқайдан пайда болған күлгін маса тынысын
сезе қойдым.
Қаныма бір тигізбек қой тіл ұшын.
...қара тәннің қызуына тұмсығын жүр тықпалап? Оны
өлімнен бір құтқарса, қаным ғана құтқарар. Сонда...
жалғыз қызыл тамшы шолп еткізді Ес бетін!
Шырақ жанды!..
Ой тамшысы тамып кетсе, өстетін!
Кіп-кішкентай күлгін жендет!.. несі қалды ішпеген?..
Жалғыз түйір жаттың қанын (аузындағы тістеген)
байқаусызда түсіріп-ақ алған екен...
Мүлдем де!
Ес Мөлдірі бүлк-бүлк, бүлк-бүлк қайнап алды бір демде.
Содан кейін, дәл бетінен Қызыл Дала көрінді!
Сол Далада Қара Бала жатыр екен ерінді.
Ол басына кітап жастап, күтетіндей ажалды.
Ешкі болып маңыраумен шыр айналып көз алдым,
мәңгіп жаттым кеңістікте...
Түк айтқым жоқ мұнымен.
Қызыл Дала, Қара Бала ұйықтатпады түнімен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу