Өлеңдер ✍️
ОЛ
Тартылысы жарқылдаған көздердің де, көрдің де,
«ЖАТЫР» деген бір әлемде жаратылды Ол бірде.
Тағы бірде тербетіліп, тал бесікте жатқан-ды. Қызыл
Іңір,
сары Сәске,
қоңыр Бесін, ақ
Таңды
танушы еді Ол ішінен. Бір
қызығы –
емшекті,
жыламаса,
Шешесі де бермейтінін көрсетті:
Бесік Жырын әндетумен... ұйықтап
қалса, оятпай...
Ал, әлемде мәңгі ашыққан қызылсырақ Тоят бар!
Күндерде күн,
Шешесінің Жанын – Аспан, Жер тәнін
ұрлап кетіп...
қатты қорықты дірілінен қолқаның.
Ол солайша, «әзірейіл» дегеннің де не екенін
сызып қойды инедей бір әжіміне шекенің...
Енді бірде,
еңбектеумен шығып алып Іңірден,
құлақ түрген құбыланың ұшындағы күбірге: ол жерде екі
жас қарақшы отыр еді оқ жонып. Жандарында – бір-бір
арлан, жарқылдаған көк жоны. Жасы үлкені – айналаға
алтын ата еліріп,
ал, кішісі – қызын тартып алмақ екен перінің. Бірі
– Ашу, бірі – Нәпсі, жендеттері Тояттың. Екеуін
де бұл бейкүнә жан-тәнімен аяп тұр...
Кеше, ертең осы қазір, бүгін және ертеде
қасқырлардың ұлысынан бұлт қараңғы өлкеде, кіпкішкентай сол бір Адам құдіретін бастаған...
Көк пен Жерді жалғастырып мый мен жұлын, асқазан;
күндер, күндер... айлар, жылдар... шыркөбелек айналып;
бүкіл ғалам жатқан еді күдіктене ойланып.
Жұлдыздар мен жусанды Түз көкшіл сәуле алмасып,
...жалғыз жігіт мәңгі дүлей Тоятпенен арбасып:
толқындар мен ырғақтардың;
кезектер мен реттің;
өлердегі оттан да ыстық айқайын да иектің;
неден болсын Тайынбаудың өткірлігін қылыштан;
нені болсын Мойындаудың жирен шашын уыстап;
тірі Тілдің ұшындағы өлі Сөзді тексеріп; махаббатты
саудалаған қытыққұмар бөксенің қозғалысын;
достардың да жүйкесі бос тұстарын;
мықтының да әлсізден бір мазақ мұзын құшқанын;
бозбаланы сыйындырған қызбейнелі Ырымды; мұхит
тәнін қалшылдатқан бір аспани жылымды;
Түзді көктей өткен Ойдың жат жұлдыздық ұшқынын;
шөптің тілін, оттың тілін, балық тілін, құс тілін; Жер
бетінде бұралулы ақырзаман сағатын; тырнақтарға
айналатын Жалғыздықтың қанатын; момынның да
түйсігінде пайда болған азуды;
түнгі әуеде қалқып жүрген әлденендей Жазуды;
сүйген Жардың ішінде де алпыс екі Күн барын...
Бәрін қайта мың сан рет Жер мен Аспан тыңдарын
біліп алды!
Қайтсін, сонсоң, көкіп жүрген өңгені.
Көп ұзамай, мәңгі тажал – Тоят Заңын меңгеріп,
Ажалды да жеңбек еді...
Мұңдағым,
мыйішіндік жұмыртқаның ішіндегі жұмбақ Үн..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter