Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  174


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

ТҮН БАЛАСЫ

Мына Түн қандай өткір, қорқынышты:
жүзіне түсердейсің зор қылыштың... Мен
бүгін тағы да еріп әзәзілге,
аққанат Үмітімді өлтірістім...
Мыйымды бүре-бүре бұлты ажалдың,
жұртқа еріп, мың ластандым, мың тазардым.
Міне, енді... Қала – қара, Ай – сап-сары, сарғайып
жалғыз тісі тұр Тажалдың...
Тірлік-ай, тәттісі бар, жұмсағы бар,
Санама қайдан енді мұнша күмән? Өмір
не? Қараңғылық ішіндегі
бір Түннің жаралу ма құрсағынан?..
Жер үсті – жыпырлаған қабір қалың. Тәңірге
түк бермейді жалынғаның. Бағана батқан
Күнді көрдім қызыл, көрдім мен Түннің
қызыл тамырларын...
Азабым – айналамды түсінбегім.
Арманым – өңімдегім, түсімдегім.
Мен кіммін қыбырлаған –
қабат-қабат,
қап-қара құрсақтардың ішіндегі?!.
Күн қайда?
Батып кеткен ұясына.
Ақырет қарамайды жыласыңа.
Қап-қара көз қадалтып қойғызған кім
 
* * *
қараңғы Шексіздіктің расына?..
...төбемде тұрып алды Көк түнеріп.
Жүректі бүріп алды ақтық ерік...
Аяулым, мен тек Сені ойлай-ойлай,
Уақыт сөнер кезде кеттім өліп...
Айтатынын тыңдатқызбай тынбаған кіпкішкене, сүп-сүйкімді менменім, маған ауыр –
ішіңдегі мыңдаған
әрбір Сөздің өзегінде тербелу!
Ескерілер – мұңаю да, күлу де, есептесе епті
ұғым...
Көп айттың-ау, «өмір сүре білуге бейімдігім
жоқтығын...».
Тағдыр маған өмір жолын сызыпты –
(талантсыздар танымас)
сен оқитын кітаптардан қызық тым, әрі қиын,
әрі лас.
Айтып ем ғой: «өліп біткен жындары мен
ұқсаймын Бақсыға...».
Тағдырым боп танылған соң – мұңдану,
тартынарым көп шығар?..
Сан жылпостың атын емес, затын ұқ,
«Айы туғыш» оңынан!..
Қызыл тілмен қол қояды қатырып, өтірігінің
соңынан!
Ойнаған боп бауырыңа кіргенде, Ой ұрламақ
обалдан.
 
* * *
Мысықтығы кішіктік боп жүрген де
пысықтық боп саналған.
Ешкім және өмір мәнін сұрамас. Белгілі ғой
өңдерден...
Миллион Ойдан мыжырайған мына Бас
барлығын да меңгерген...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу