Өлеңдер ✍️
СЫБЫРЛАР...
Шаттанғандай, ұқпаймын, торыққандай,
шатасамын, Сен қарсы жолыққанда-ай!
Өңшең сыбыр өлтірді Өлөңімді.
О сен әлі білмейсің, халық қандай!..
Менің де, рас, шамалы білерім де, көп
ойнадым тыңдаушы рөлінде. Сезім
отын сөндірер себеп іздеп,
Сен туралы сыбырлап жүр еріндер.
Келе жатқан шындық па ескіліктен –
келеңсіздеу әр сөзге бес күдік – тең.
... ұры-мінез біреуін сыбырлақтың ұстап
алдым тілінен кешкілік мен. Сондай болса
қорықпаймын дерт егер де. Сезім – шексіз,
тек пайым келте менде:
«албастының айтқанын орындапсың, Ай
сәулесі бетіңді өртегенде!..» Тоқтатқан
ем сыбырды келесі бір:
(бір жұдырық оған да бересімін!)
«Ібілістің үйіне еніп бірге,
іштен іліп алыпсың сен есігін!..»...
Орап алып үмітке Ой тамтығын,
Өлөңімді тірілтіп қайтам бүгін:
біреу сені «сайтан» деп келген маған,
білем ғой мен өзінің сайтандығын!
Қызықтаған көктем мен күз қанатын,
Аңғалақтау екенбіз біз ғана тым. Менен
сені, құдай-ай, сенен мені сыбырлар да
болды ғой қызғанатын! Қара сөзбен
қалқалап қаңқуларын, қалжыңдаған
* * *
болады сәл қулары.
Сағаты мен күндерін алмастырып,
саған да өстіп айтады мен туралы...
Күллі тамыры күрсініспен түйрелген –
Мылқаулықтан
мызғымауды үйренгем.
Сен келдің де ... толғанбасқа қоймадың, топырақ
ем, қан мен сүтке иленген. Мың бір Айды шырақ
еткен мыйына – Мылқаулықтан қашып
шықтым!..
Қиын ән.
Сұлулықтың ұшындағы сендегі сүйген
ерін діріліне сыйынам.
Маған, тіпті, сендегі сөз... тіл – таңсық. Саған
бәрі жарасады!
Бұлданшы!..
Кінәратшыл, кісікиік Көңілім кісенделер көз
жасыңа бір тамшы!..
Бар-ау сенде бір сиқырлы күш, тегі, Түстей
алман, келсе-дағы түстегім. Маңдайымнан
жалғыз рет сипасаң, Жан бітеді
жұлдыздарыма іштегі!
Ғайып бола көрмеші енді, тәңірім...
* * *
Шағантайым, тәңірім,
Қасың сенің – қайқы қылыш!..
Қалқан – дәтім жамылып қалдым
аман...
Енді, маған...
ерініңнің отына
жанбау үшін, Тән
Дауысын
мұздай Ойға матырам.
Қонып қалмақ Өлөң едім қос анардың түбіне.
«Өлер бала» Өлөңде де одан әрі жүгірер!..
Сен де қусың, бұрымыңмен арбауыңды қоймадың.
Мендегі өзек – сыбызғы ғой,
сыбызғымды ойнадым...
Құдіреті – көзің екен – тұңғиыққа тартудың:
«тұншықтым» да... батып кеттім!
Үйренсемші «малтуды»...
Шексіздіктен Сен де бірде оралдың, Шексіздіктен
Мен де бірде оралдым...
Жанарына құйып алып ғаламды, біздің ортақ
Тағдырымыз жаралды!
Ышқындырып Уақыттың сартабы,
Іздегенде Жан мен тәнге ортақ үн,
Биіктік боп көріндің ғой, ардағым,
Тереңдік боп, мен өзіңді тартамын!
Мәңгіліктің тынысы едің Сен-дағы.
Мәңгіліктің тынысы едім
Мен-дағы.
Мыйымызда шыңғырыс бар,
аңдағын және жылы жымиыс бар қандағы...
Шаттығымыздың нұры ойнаған көз жасын сақтауы үшін
маған сенген әз басың, сақтауы үшін саған сенген өз
басым, жылынамыз бірімізге біріміз,
сыйынамыз бірімізге біріміз! Аллатағала, Сіз де
өзіңіз біліңіз, еш құдаймен бөліспейміз мұны біз!
Түн құлағы қалқайып әр мұржаның түбінен, Мені
аңдиды...
Мен Сенің суретіңе үңілем.
Шарап ішіп, Ой ойлап, тойламақ ем тегін бір... Аспан
асты – жер үсті аяз маздап көгілдір; көрген түсі күздегі,
баяғы өткен шілденің – тереземді өрнектеп музыкамен
күрделі;
асықтықтан (почтаның самолеттеріне сыйынған),
Ақындағы құпия мінез гулеп мыйымнан:
елес беріп сендегі ләйлекмойын білектер!..
Жарық Дүниенің үстіне қалқып шығам түнектен!
Тұңғыш туған тамшыдай (маусымдағы жап-жасыл)
көкірегімдегі сағыныш ұшындағы көз жасын құлағыңа
сырға етіп соңыра бір тағармын!..
Мына арлы Уақыт пен
мына даңғой Қоғамның
айқайынан алыстап кетер болсақ оңаша, сайқал
іздер түспеген иманы мол Далаша ән аңқырмыз!..
Мен саған
сыйға тартар сырғада дәні жатар
Жанымның. Мен сол дәннен тіл
қатам!..
Ал, дәл қазір суретіңнен жоқ басқадай түгім де. Түн
құлағы ілулі әр мұржаның түбінде.
«Қызғаншақсың!» – деп, бір күні кінә арттың-ау Сен маған.
Рас, сені қызғанбасам, «жолым менің болмаған».
Қызғануды қой дейсің ғой,
о жоқ, енді доғарман;
Өзіңе асық қуатты
Ойдың қарашығынан жаралған –
Қызғанышым – қызыл
Сәуле, қызыл Сиқыр дірілдек!
Мені өзіңе сағындыртқан періштеңнің тілінде
сол Сәуленің – сол
Сиқырдың бір ұшы бар...
Түсіңде
бұрымыңнан иіскер болсам,
күреңіткен пішінде, бәрі – содан...
Иә, содан – өртенері өзектің!
Түн бауырын піскілеген күрсінісіме кезекті берер
болсам, естір едің
Сен де қызыл дірілді...
Айдары бар айларым мен күндеріме тұлымды
тіршілігіміздің табанынан көздер сөйлеп самсаған,
бірімізді бірімізге тыңдатпауды аңсаған мезеттерде,
ыңылдаған қанымды өртеп Ар-Санам,
күлкіңнен де күдер үзіп...
Күреңітем Мен сонан!
Өз-өзімді бұлай сынау – маған да оңай болмаған.
Қызғанышым – ұятымның қыл-көпірі... Арбаған!
Намысымның нажағайы өн-бойында ойнаған
мендік со бір Қызыл Сәуле сөнбейді деп ойлағам...
Сенем соған, өлмесін деп қызыл Сиқыр дірілдек.
Саған мені сағындыртқан періштеңнің тілінде
сол Сиқырдың бір ұшы бар!
Үзілмесі үшін
Мен
бір Тәңір мен бір Өзіңе жалбарынып ішімнен,
жылаушы едім...
Не десең де бас тартпаймын ісімнен.
Ұятымның қызыл Сиқыр қыл-көпірін
тісіңмен
қыршимын деп қиналмашы...
Қинамашы!
Түсін... Мен...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter