Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  224


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

ӨМІР?

– Уақытқа, айтыңыз, құлмыз ба, аға? – десе
қайтем бүгінгі ұл-қыз маған? Итшілеткен
тірлік-ай,
көршіңнен де
хал сұрауға мойныңды бұрғызбаған!
Көз алдыңнан кім өтіп, кім өтпейді,
бәрін – жылдым уақыт реттейді. Пұлын
бұлдап ұл кетер.
Ештеңе етпес.
Түрін бұлдап қыз кетер. Түк
етпейді.
«Асықпаймын» – деп ойсыз бөспек бекер.
Құр сайранмен самайға көшпек пе тер?..
Бүгін маған әлдекім таныс болып,
ертең сол бір танысым дос боп кетер.
Асығамыз,
Аспан – көк, Дала – сары...
Әлдеқайдан боздайды бота-сарын.
Кешегіні ұмытып та үлгермедік, кім
біледі келешек не тосарын?
Ойда жоқта ит-тірлік қанаттанып,.. самсап
шығар қарсы алдан қонақтарым!.. Өтірік боп
та ойсызға «оқылармыз», өсектердің алдында
сан ақталып. Уақыттың табылмай дауасы бір,
Тағы бір күн аунатар қарашығын.
Өмір деген өзгере берер әлі,
өзгермейтін – біздегі сол асығу!
Асығамыз!
Көңіл – ақ, жол – қап-қара...
Мұрша болмай алдыға жөндеп қарар,
сорымыздан әлдекім бақыт тауып,
 бағымыздан әлдекім сорлап қалар.
Ашыққанда – әдейі ән салармыз.
Тойынғанда – әдейі
томсарармыз. Бір үмітті өлтіріп
өкінішпен,
бір үмітке Өлөңмен дем салармыз.
Кітап оқып тауысармыз қалың-қалың.
Құмырсқаның Құдайға жалынғанын
біле алмаймыз.
Түкті де біле алмаймыз.
Білеміз тек өмірде өлім барын...
Бәрі солай тез өтіп, тез бітеді:
шырқалып ән, айтылып сөз бітеді.
Жамандықтан жанымыз күйер талай,
сол күйіктер орнына көз бітеді.
Болды деген сәтіңде жігер
үстем, есік қағып тұрар-ау
реніш те. Досың барда – қасың
бар: күреңітіп
Күн тұтылған бір әлем жүрер іште...
Үндемейді
уақыт, дымы –
ішінде.
Сонда менің тірлігім кім үшін де...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Өткеретін өмірің – көрер түсің,
жорылмайды көзіңнің тірісінде
* * *
Ыза қандай іштегі, тоқтам қандай?
Ықылассыз жандар бар шоқпар-маңдай!
Қайық етіп қайғыға қабағыңды,
есуге енді ескегің жоқ болғандай,
елпеңдеме.
Тіл безеу қалған бүгін. Үнсіздікте
ұлғаяр арманда ұғын. Білем, саған
көктемді кінәлатпақ бір қыздағы
сезімнің жалғандығы.
Сүймес жанның сүйгенді қолдауы – сын.
Іште сақтау қауіпті – Жан дауысын?.. Дос
керек қой, бәрібір, бұл өмірде,
«досым бар» деп өзіңді алдау үшін.
«Саған лайық табам, – деп, – ер қанатын»,
әккілер де аңғалдың алған атын.
Біреу сені мақтаса, оған да – сол, кезің
керек болып жүр алданатын...
Сен көретін көрешек көп пе, тегі? Біреу
– мыстан, ал, біреу көкбет еді.
Еріккеннің алдында емсеңдеме,
«еркек емес, ез екен!» – деп кетеді. Өз
ішіңде дұшпан бар, кеңесші бар. Сен
алдымен солармен теңесші, бар!
«Теңізші боп жүзетін мұхит-мұңда» тек
қана осы екеуміз емес шығар?!.. Мұң –
мұхит ғой..
дауылын тыңдар ағаң.
Мойын бұрып қарайтын кім бар оған?
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Жағалаудың
жап-жарық манарындай
жанған көздер, қайдасың, «мұнда!..»-лаған?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу