Өлеңдер ✍️
БІР ТАЛ ҮКІ
Бауырым, қойшы ұлының сөзіне сен. Сен
оның көзіне сен, әсіресе: жартастың үкі
ұшатын қолтығынан, жантайып
жарықтық Ай есінесе. Жандардан
емеспін мен жүрегі осал. Жазғырсаң
жазғырарсың кінәма сәл. Жартасты
қызықтаумен келе жатып, жақыннан
көріп қалдым:
Ұябасар!..
– Үкі де – киелі құс, жүрсін аман! – деп
маған үйрететін сыршыл ағам.
Жартастың қолтығында ұя жатыр, ұяда
сағым жатыр қыңсылаған...
Жә, болды, таңдануды доғаралық,
өзгенің дүдәмалы маған анық. Ұядан
үш жұмыртқа көрінеді,
жатқандай үш Ақ Сәуле домаланып!
Жан – нәзік, мақтанбаймын, құлық – әлді,
былдырын ұққандаймын тілі бардың. Өзімше
ырым жасап іштей ғана,
ұядан бір тал үкі іліп алдым...
...маусымның алды – жауын, арты – мұнар.
Сағалап төбелерді жол тығылар.
... үкі-үміт дүр сілкініп көкейімде,
жартастың қайта үңілдім қолтығына.
Сондағы домаланған тіршілікті өзіңнің
жүрегіңдей білші мықты. Ұядан
қозғалмапты жұмыртқалар... сағым жоқ,..
орнына үш гүл шығыпты!
Маңырап бостан-босқа керік-көңіл,
япыр-ай, менің бұл қай еріккенім!..
Үкішіл жаттың иісі
Ұясынан білсемші текті құсты жеріткенін! Шатқалдан
суық ұрып жанарыма, түршіктім...
Жамандықтың хабары ма?! Ойланбай,
Отанына ойран салып,
қалдым-ау үкінің мен обалына?!.. Айттың не,
айтпадың не «о тобаны», сазамды берер
болды көкем анық. Сорлы үкі содан бері
оралмапты-ау, сондағы «қылығымнан» секем
алып!
Көңілім әр нәрседен кірбің теріп, бұл жерге
келдім тағы бір күндері: басында солып
қалған үш гүлі бар жатыр сол үш жұмыртқа
күлгінденіп! Кісінеп машырықтан құла таңым,
қосыла тулайтындай күре тамыр.
«Әй, ол құс ұясына қайта келер!»
деп, бекер өзімді-өзім жұбатамын.
Бұл – сабақ, есімізде мәңгі сақтар: ұяға
ұқсайды ғой бар құшақтар!.. Қауырсын –
қиянат деп кім ойлаған,
жеп-жеңіл, кіп-кішкентай... жалғыз-ақ тал!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter