Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.09.2022
200
БОРАНДЫ ТҮНДЕ
Қап-қараңғы үрейдің арқасындай мына
Түннен азырақ қорқасың да. Күлген сайын
сырттағы күрең боран, Жын жылайды
пешіңнің қолқасында. Сені қоса жылата
жаздағаны-ай!..
От ойнағыш қап-қара көзде ғана.
Ботасынан айырылған боз іңгендей,
боздайды кеп көшеде боз бағана.
Бар-ау сенің өткенге өкінерің?..
Сыртта боран сәт сайын екіленіп,
кейде адамша күрсінсе,
кейде
үнсіз
терезеңді жалайды, мекіреніп.
Киелі Өлөң өзекте өлтіріліп,
Ай жоғалар Аспанда, Жер түгілі!.. Жатыр
неге қыңсылап сендік жүрек – көз
ашпаған бір мұңның бөлтірігі!..
Қап-қараңғы. Үрейдің
арқасындай
мына Түннен азырақ қорқасың да.
Сыртта боран булығып,..
Жын күледі
моп-момақан пешіңнің қолқасында.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter