Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.09.2022
144
Алаңдағы жарық
Алатау мұз.
Биіктер мұзарт бүгін.
Желтоқсанның ызғарын ұзартты мұң.
Жүректегі сол мұзды сетінеткен
Тәуелсіздік шапағын қызартты кім?
Рухымызды Желтоқсан самғатса да,
Тәуелсіздік тынысын шаң қапса да,
Құдіретті таң қылып,
Жердің миын
Бір-ақ күнде шығарды қаңбақ сана.
Санамызға жайғасқан «жанашыр» түн
Үрейге енді билетті сана сұрқын.
Топырағымен алаңның төпеледік
Боздақтарым төгілген қала сыртын.
Жарасымен үркітті қала көпті,
Жер жарығы жік тауып санаға өтті.
Көлік біткен қан тамған топырақпен
Желтоқсанның рухын да ала кетті...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter