Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2022
294
Кеңсайдағы бейiттер
Әруақтың көзiнен жарық түтеп,
Арандатты ақиқат тамұқты тек.
Кең даламды мiсе етпей,
Тар тұғырға
Тұлғаларды қамады нарық бiтеп.
Менiң барым – фәниге күйiк бөтен.
Iздемеппiн бейiштен тұйық мекен.
Көкiрегi Кеңсайдың керi итерсе
Кеңдiгiне ғаламның сыйып кетем.
Мен бiр ғалам,
Биiкке кiшiрдiм бе?
Мен жайлы ойы ажалдың қысыр мүлде.
Кеңсайдағы баршаның көлеңкесiн
Кеп тұрған жоқ өзiме түсiргiм де,
Құдiрет, түсiндiң бе?...
Фәнидегi биiк пен аласамыз
Ауысады бақида,
қаласаңыз.
Марқұмдарын мықтылар өрге сүйреп,
Ақыреттiк еңiске таласамыз.
Тұлғаларды төбеге төкпеледiң,
Әруақтың өрiсiн шектемегiн!
Қарапайым бабадан төмен жатқан
Төменiрек жайғассам деп келемiн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter