Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  175


Автор: Сағат Әбдуғалиев

О, тағдыр, тірлігімде өлең өпкіз...

О, тағдыр, тірлігімде өлең өпкіз!
(Адамдар – гүлге ұмтылған көбелекпіз).
Ақынның ақ жүрегін алаң қылған
Жиһанда жоқ-ау сенен керемет қыз.
Ешкімнен емес едім күлкісі кем,
Параққа жүрегімнен жыр түсірем.
Жоғалтып алғандайын мені іздейсің
Жайқалған жапырақтай жұрт ішінен.
Ауызға үріп салған үмбет пішін,
Мұнымды мәртебелі жыр деп түсін.
Жүз адам тасасында тұрсаң-дағы
Жанардан ұшырамын құрмет құсын.
Осылай өз үлесін тауып түлек,
Тұрады сайран көңіл сауық тілеп.
Аққуым, ақын жұрты найзағай ғой
Ақынға ғашық болу қауіптірек.



(Бұл өлең автордың өз архивінен алынды)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу