Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2022
146
Тілек
(Ақлиманың атынан)
Өлшетпей өзгелерге өре кемін,
Бақыттың бөлісіңдер бөлек емін.
Жолықсаң көп іздеген Жібегіңе
Өзіңе құшақ жайып Төлегенің.
Көсілді көк жиекте жол ұзарып,
Парасатты пейілдер – теңіз анық.
Қос жүректің тоғысқан аэропорты
“Махаббат” деп аталар сегіз әріп.
Қосылып құстарына бұлғын бақтың,
Көңліңнің күмбезіне күңгір қақтым.
Бастарың бұл тірлікте не көрмейді
Қайғының да кебегін біл, қымбаттым!
Тартысында тағдырдың тосын екпін,
Тұлпарыңды келер-ау қосып өткің.
Жалғыздықтың белгілі барар жері,
Дастарханда ыңғайы досы көптің.
Күндеріңді көрейін шаттық еткен,
Кездеріңде кешіңдер қатты кеткен.
Осылай деп тілейді бұл ғұмырда
Апаларың Ақлима ақ тілекпен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter