Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  219


Автор: Сағат Әбдуғалиев

Жігіт болсаң...

Отсың ба,
Сайтансың ба,
Перісің бе?
Бәрі бір бала атайды ел ішінде.
Бала атайды көне көз қариялар,
Ризамын жалғанда сол үшінде.
Жігіт болсаң,
Бес елі бақ-талайың.
Сағынышыңды суалтпай сақта дәйім.
Сонда сені ұлым деп ел біледі,
Сонда сені қимайды жатқа ағайын.
Жігіт болсаң,
Жаңғырта асқақ ән сап,
Елден өзге ойлама басқа мансап.
Сонда саған дүйім ел мақтанады,
Көкірегіңе кеңдік пен аспан аңсап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу