Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.09.2022
129
ӘБДІЛДАҒА
Қазақы қара өлеңнің қайнар бағы,
Алдыңда жыр оқымас айлам кәні?!
Армысың, Алатаудан алып ұшқан
Әбекем – поэзия пайғамбары!
Шынарсың жел өтіне шыдап біткен,
Арнасың бастау алған бұлақ біткен.
Ініңмін, бас ұстасаң, асатар деп,
Жыбырлап жұтқыншағы құлақ күткен.
Жомарт жан,
Мәрт махаббат,
Мырза жүрек,
Халқыңды ғұмыр бойы риза ғып өт.
Екпінің көк дауылдай басылмасын,
Сарнаған солқылдатып құздан үдеп.
Бетке алып мен де жырдың жез алаңын,
Ерте ме,
Кеш пе – ақиқат сөз аларым.
Айбарлы жырыңды оқып,
Олқы жазсам,
Өзіме, жан ағатай, өз обалым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter