Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  126


Автор: Темірше Сарыбаев

ҚАСЫМДАСЫҢ

Қасымдасың сен менің, қасымдасың,
Енді арамыз ешқашан ашылмасын.
Жүрекке әмір жүрмесі анық болса,
Бізді біреу бопсалап басынбасын.
Қасымдасың сен менің,
Мәңгіліксің,
Қайталайды даусымды жаңғырып шың.
Болмысыңмен жаулапсың жан-тәнімді,
Тандырыпсың есімнен, тандырыпсың.
Қасымдасың сен менің ерте-кеште,
Жандырмасқа қоймадың, өртемеске.
Күлі көкке ұшқанша көзді үйіру
Махаббаттың қашанғы серті емес пе?!
Қасымдасың сен менің, қайда жүрсем,
Адалың – мен, адамды айыра білсең.
Күні-түні қолымнан түсірмейтін,
Желбірейтін желкілдеп байрағым – сен!
Қасымдасың сен менің, кер маралым,
Қадіріңді түсінер мен ғанамын.
Шаң жетпейтін шыңына шырқауыңмын,
Түк қалдырмай түбімнің терге бәрін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу