Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.09.2022
116
СОЛАЙ
Қиял жетпес қияларға не жетер,
Құр мақтауым құлағыңды мезі етер.
Бұл фәнидің қысқалығы – өкініш,
Көзіңді ашып-жұмғаныңша тез өтер.
Мен кетермін...
Сен қаларсың артымда,
Қырға өрлеген қызғалдақтай қалпыңда.
Естен шығар,
Елес қалар...
Бұлдырап,
Тақтан таяр үмітің де,
Антың да!
Келер күнге кінә артпайын десем де,
Күдік у боп шайқалады кесемде.
Түсіп кетіп, түпсіз ойға берілем,
Бас қатырып беймаза мұң не шерге.
Қуаныштың арты осылай қайғы ма?
Қайғы ортайтар хан мен қара, байды да.
Ақиқатты айламенен амалдап,
Барды жоқ деп бөсетұғын қай құда?!
Солай, солай...
Тірлік істер дегенін,
Мен – теңізде қайырлаған кемемін.
Өзің жайлы, өзім жайлы сыр шертер
Қолыңдағы қалған белгі – өлеңім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter