Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  136


Автор: Темірше Сарыбаев

БАҚЫТ ҚОЙ

Жамылған жапырағын дала мынау,
Айналып далаға өзім барамын-ау.
Көзімді қызғалдақтай қызықтырған,
Қайранмын, қайда жүрсің, қарағым-ау?
Кел маған,
Көктем боп кел көркіңменен,
Күй боп кел
Еш жерде әзір шертілмеген.
Мені де қызуыңмен лаулатып кет –-
Жасқа тән жалын атқан өртіңменен.
Айырма үмітімнен, сенімімнен,
Жаныма жиырма бестің желі кірген.
Көңілімді бір көргенде-ақ баурағансың,
Ұнатқам ә дегенде-ақ сені бірден.
Бақыт қой бұл өмірде ғашық болу,
Мас болу, ақ дидарға тасып-толу.
Мақсаты махабаттың – бірлік қана,
Обал-ақ ара жігін ашып, бөлу.
Күтемін, маған аян, бір келесің,
Тұрады көз алдымда күнде елесің.
Мен өшпей, бұл фәниден еш уақытта
Өшпейді жүрегімде жүрген есім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу