Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  138


Автор: Темірше Сарыбаев

ТАҒДЫРЫМА НЕ ДЕЙІН?

Бақ та әзірге қақпасын ашпайды анық,
Зуылдайды сан ойлар баста айналып.
Ағаштар да,
Адам да,
Автобус та
Бара жатқан секілді тасқа айналып...
Тасқа айналып Алматы...
Көктөбе де,
Отырғызды-ау өзімді от-кемеге!
Аластаған адамдай әрі итеріп,
Бұлар мені қағады шетке неге?
Айналамның бәрі тас,
Селт етпейді...
Күннің көзін қалқалап, көрсетпейді.
Жарқылдаған айбалта жарты айға ұқсап,
Бұтарлайды-ай мені кеп,
Бөлшектейді.
Басым қайда,
Білмеймін,
Миым қайда?
Сүйектерім шашылған жиылмай ма?
Жұрт қарық боп жататын жұмағыңнан,
Маған да осы бір қуыс бұйырмай ма?
Бір бастаған ісім ғой бастан бекер,
Қуған қалар алқынып, қашқан кетер.
Жұрттан көрер жайым жоқ, асылында,
Тағдырыма не дейін тастан бетер?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу