Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  225


Автор: Темірше Сарыбаев

ДЕМ БЕРІҢДЕР, ҚАНАҒАТ ПЕН САБЫРҒА

Қиындыққа қайыспасын қабырға,
Дем беріңдер,
Қанағат пен сабырға!
Екеуіне байланысты тағдырың,
Екеуіне байланысты бағың да!
Өркеніңді енді жайған шағыңда,
Азаматтық қылғың келсе, тағыңда.
Ақылыңды алып ұрып астына,
Тентек ашу туламасын қаныңда.
Төзімді ек ғой,
Тағы сәл-пәл көнелік,
Бұлқынғанмен салады анық өрелік.
Тентегі кім, елпеңі кім дәуірдің,
Уақыттың өзі айтады төрелік.
Қалдым деме, оздым деме өзгеден,
Тек нысанаң айқын болсын, көздеген!
Асыл-асыл ойларыңның тұнбасын,
Олпы-солпы төгіп алма сөзбенен.
Қиындыққа қайыспасын қабырға,
Дем беріңдер,
Қанағат пен Сабырға!
Екеуіне
Телулі тұр тағдырың,
Екеуіне
Таңулы тұр бағың да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу