Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.09.2022
271

Маған көйлек сыйлама жібектен де...
Маған көйлек сыйлама жібектен де,
Ол да зат қой тозады күн өткенде.
Сертің керек тек қана, сол бір сертің,
Ем болар ауырғанда жүрек кейде.
Жүрген жанға мас болып өлеңіне,
Темір теңгелеріңнің керегі не.
Сертің керек тек қана, сертің керек,
Бақытты өзі Жаратқан береді де.
Алқа ұсынба алтыннан жылтыраған,
Алтынсыз да, əдемі құлпыра алам.
Сертің керек тек қана, сол сертіңмен
Алдағы болашаққа ұмтыла алам.
Жүрсең болды мен үшін өзің аман,
Болмасын деп тілеймін көңіл алаң.
Сертің керек, жаным-ау, сертің керек,
Сүйем деген сөзіңнен гөрі маған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇